Иранның құнды ескерткіштері Ұлыбританияға қайтарылады
Лондондағы Иран елшілігінің уақытша сенімді өкілі: "Ұлыбританиядағы Иран елшілігінің сот және құқық тұрғысынан қадағалауларынан кейін ұрланған кейбір көне ескерткіштер жуырда Иранға қайтарылады",-деді.
Махди Хұсейниматин Ұлыбританияда Иранның мыңдаған көне ескерткіші барына тоқталып: "Лондондағы Иран елшілігі 7 жылға жуық талпыныстан кейін Сасанилер заманына тиесілі бір сарбаздың құнды тас мүсінінің Иранға тиесілі екенін растап, оны елге қайтаруға жағдай жасады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лондондағы Иран елшілігінің уақытша сенімді өкілі: "Бұл көне жәдігер Станстед әуежайының шекаралық қызметкерлері тарапынан анықталып, тәркіленді. Жәдігердің иесімін деп уәж айтқан адам құқықтық зерттеулер жасалып, құжаттар берілгеннен кейін өз райынан қайтты",-деді.