Австралия TikTok-ты пайдалануға тыйым салады
(last modified Tue, 04 Apr 2023 13:38:53 GMT )
Сәу 04, 2023 19:38 Asia/Almaty
  • Австралия TikTok-ты пайдалануға тыйым салады

Австралия да Батыс елдеріндегі TikTok қауіпсіздік мақсатында үкіметтің пайдалануына тыйым салған осындай шешімдер қатарына қосылды.

Австралияның әділет министрі Марк Дрейфус сейсенбіде ел үкіметтік құрылғыларда қытайлық TikTok бағдарламалық жасақтамасына тыйым салатынын мәлімдеді.

Австралия осылайша қауіпсіздік мақсатында TikTok-ты үкіметтің пайдалануына тыйым салған батыс елдеріндегі осындай шешімдер қатарына қосылды. «Бұл шешім австралиялық барлау қызметтерінің кеңесі бойынша қабылданды және мүмкіндігінше тезірек орындалады»,-деді Дрейфус.