Дүниежүзілік исламдық ояну форумы: Сионистік режимнің қысымшылық дәуірі ұзаққа созыла алмайды
Дүниежүзілік исламдық ояну форумы сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын айыптай отырып, бұл режимге әртүрлі қолдаулар көрсетілсе де, бір ұлтқа қысым көрсетудің ұзақ уақытқа созыла алмайтынын баса айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дүниежүзілік исламдық ояну форумы бұл туралы мәлімдеме жасады: «Қауіпсіздік шараларының күшеюіне, қуғын-сүргінге, террор, оларды негізгі азаматтық құқықтарынан айыруға, қамауға алу мен түрмеде ұстауға қарамастан 1948 жылғы шекарадағы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы халықтардың бұрын-соңды болмаған қозғалысының басталуы Палестинаның асыл халқы арасында исламдық ояну қозғалысының өсіп келе жатқанын көрсетеді. 1948 жылғы жерлердің Иордан өзенінің батыс жағалауы мыңдаған халқының Құдсты басып алушы режимге негізгі жолдауы - әл-Ақса мешіті мен Құдстың Палестина халқының исламдық және діни құндылықтарының бірі болып табылатыны. Оның зор маңыздылығы төмендемес түгілі, сионистік басып алушылардан азат болғанға дейін өз мақсатынан артқа шегінбейді».