Манхэттен прокуроры: Трампқа 34 айып тағылды
(last modified Wed, 05 Apr 2023 11:57:30 GMT )
Сәу 05, 2023 17:57 Asia/Almaty

Манхэттеннің бас прокуроры баспасөз мәслихатында  Трампқа қарсы 34 айып тағылғанын айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Манхэттен прокуроры: «Трамп жоқ компаниялар арқылы пара берді»,- деді. Ол Трамптың сайлау науқанын қаржыландыру заңдарын бұзғанын айтып, былай деп қосты: «Трамп 2016 жылғы сайлауға үміткер ретінде өзіне зиян тигізуі мүмкін кейбір ақпаратты жасырғысы келді. Трамптың құжаттарды қолдан жасауы және үш адамға ақша төлеуі заңсыз және Нью-Йорк сайлау заңдарын бұзу болды».

Республикашыл сенатор Мэтт Роми де: «Трамптың мінезі мен іс-қимылы  президент болуға лайық емес»,- деді.