Қытай армиясы АҚШ-қа тойтарыс беруге дайын
(last modified Thu, 06 Apr 2023 12:52:10 GMT )
Сәу 06, 2023 18:52 Asia/Almaty
  • Қытай армиясы АҚШ-қа тойтарыс беруге дайын

Қытай Қорғаныс министрлігі осы ел армиясының ел егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау мақсатында АҚШ-қа тойтарыс беруге дайын екенін хабарлады.

Қытай Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні АҚШ-қа Тайвань аралы мәселесіне араласпау туралы ескерту жасап, бұл елден Қытайдың ішкі ісіне араласпауды сұрады.

Қытай Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: "Қытай армиясы өз міндетін атқарады, әрдайым "дайын бол" жағдайында болады және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты кесімді түрде қорғайды",-деп хабарлады.