АҚШ-тың түрлі-түсті революцияларды қолдауы - Украина дағдарысының себебі
(last modified Fri, 07 Apr 2023 11:47:24 GMT )
Сәу 07, 2023 17:47 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың түрлі-түсті революцияларды қолдауы - Украина дағдарысының себебі

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Кремльде өткен рәсімде Мәскеу-Вашингтон қарым-қатынастары терең дағдарыста екеніне тоқталып, Мәскеудегі АҚШ-тың жаңа елшісі Линн Трейсиге Вашингтонның сыртқы саясатындағы, соның ішінде 2014 жылы Украинадағы түрлі-түсті революцияларды қолдауы бүгінгі дағдарысқа алып келгенін айтты.

Бұған дейін Ресей президенті мақаласында Американы 2014 жылы Украинадағы «қарулы төңкерісті» ұйымдастыруға жауапты деп атап, бұл араласуды сол кездегі президент Виктор Януковичтің биліктен кетуіне және бұл елде батысшыл үкіметтің құрылуына әкеліп, елдің жіктелуіне себеп болғанын мәлімдеді. 2014 жылғы төңкеріс пен Украинада батысшыл үкімет орнағаннан кейін Батыстың, әсіресе НАТО-ның арандатушылық әрекеттері Ресейдің 2022 жылдың ақпан айының соңында Украинаға шабуыл жасауының басты себептерінің бірі болып табылады. НАТО Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін ескерместен шығысқа қарай экспансия шеңберінде Украинаның осы Батыс әскери ұйымына мүше болуына әрекеттенуі және Ресей қауіпсіздігіне қатер төндіруі,  сондай-ақ  Батыстың Украинаның Ресейден алшақтығына көбірек көңіл бөлуі Ресейді Украинаға шабуыл жасаудан басқа шара қалдырмады. Мәскеу Украинаның НАТО-ға мүше болуы ғана емес, тіпті бұл елге ерекше мәртебе жариялау немесе мүшелік бағдарламасын ұсыну да Ресейдің қатаң реакциясына тап болатынын бірнеше рет ескертті. Осының бәріне, оның ішінде Ресейдің қарсылығына қарамастан АҚШ Украинаның НАТО-ға мүшелік үдерісін жалғастырды.

Ресейдің жоғары лауазымды саяси және әскери шенеуніктері Украинадағы түрлі-түсті төңкерістің басталуын Украина соғысының маңызды себептерінің бірі деп санайды. Мәскеу әлемдегі түрлі-түсті төңкерістердің сценарийін жүзеге асыруды сынауымен бірге, көршілес елдердегі, соның ішінде Ресейдің өзінде де жұмсақ диверсияға көбірек алаңдады. Путиннің Украина дағдарысындағы және Ресей мен Украина арасындағы қазіргі қанды және ауқымды соғысқа Батыс блогының көшбасшысы ретінде АҚШ-тың тікелей рөлі қуаттауының, Вашингтонның Украинадағы тәжірибесі мен іс-әрекетін, әсіресе Украинада түрлі-түсті төңкеріс жасауға бағытталған ауқымды әрекеттерін ескерсек,  мағынасы  бар.