Путиннің көмекшісі Теһранға келді
Ресей Президентінің арнайы көмекшісі ИИР басшыларымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық кеңейту жайлы сұхбаттасу үшін Теһранға келді.
Ресей Президенті Владимир Путиннің арнайы көмекшісі Игорь Левитин екікүндік сапармен жұма күні Теһранға келді.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Игорь Левитин осы сапарда Иран басшыларымен ортақ жобаларды орындау туралы кеңесетін болады.
Осы мәлімет бойынша, Ресей Президентінің арнайы көмекшісі Иранның Вице-президенті Мұхаммед Мохбер мен Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпашпен кездесіп, сұхбаттасады.
Ресей Президентінің арнайы көмекшісі жексенбі күні Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездеседі.
Игорь Левитин осы кездесулерде Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің теміржол жобаларын жүзеге асыруға Ресейдің атсалысу мәселесін талқылайтын болады.