Амир Абдуллахиан Палестинадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i68974
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Тахаға жеке-жеке хат жолдап, сионистік режимнің қылмыстарынан кейінгі Палестинаның қазіргі жағдайына қатты алаңдаушылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 12, 2023 19:57 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Палестинадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Дүниежүзілік Құдс күні қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хұсейн Ибрахим Тахаға жеке-жеке хат жолдап, сионистік режимнің қылмыстарынан кейінгі Палестинаның қазіргі жағдайына қатты алаңдаушылық білдірді.

Амир Абдуллахиан осы хатта сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын, соның ішінде террор, қырып-жою, қамау, үйлерді қиратуды халықаралық құқық принциптері мен критерийлеріне және адам құқығына қайшы деп атап: "ИИР Израильдің Палестина халқын табиғи құқықтарынан айырып, оларға қарсы айуандық әрекеттер жасап жатқанын айыптайды",-деді.