Самарқанд отырысында Ауғанстанда лаңкестіктің таралуы мәселесі талқыланды
https://itolqyn.com/news/world-i68998
ИИР Сыртқы істер министрі Самарқанда Иран, Ресей, Қытай және Пәкістанның екінші төртжақты отырысына қатысқаннан кейін осы отырыстың егжей-тегжейі жайлы: "Бүгін, бейсенбі күні Ауғанстанға көршілес елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында Иран, Ресей, Қытай және Пәкістанның екінші төртжақты отырысын өткіздік",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 13, 2023 20:59 Asia/Almaty
  • Самарқанд отырысында Ауғанстанда лаңкестіктің таралуы мәселесі талқыланды

ИИР Сыртқы істер министрі Самарқанда Иран, Ресей, Қытай және Пәкістанның екінші төртжақты отырысына қатысқаннан кейін осы отырыстың егжей-тегжейі жайлы: "Бүгін, бейсенбі күні Ауғанстанға көршілес елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында Иран, Ресей, Қытай және Пәкістанның екінші төртжақты отырысын өткіздік",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан: "Ауғанстанда лаңкестіктің таралуы, АҚШ пен Батыс елдерінің Ауғанстанға қарсы санкцияларының жалғасуынан туындаған дағдарыстар, Ауғанстан халқының ауыр тұрмыс жағдайы, босқындардың көршілес елдер, соның ішінде Иранға қоныс аударуының артуы сияқты мәселелер талқыланды",-деді.    

Амир Абдуллахиан: "Ауғанстаннан көршілес елдер, соның ішінде Иранға өтетін есірткі заттар контрабандасын қатаң бақылауға алу қажеттігі және Ауғанстанның уақытша билігі осы салада жауапкершілік алу керегі айтылды",-деді.

Амир Абдуллахиан отырысқа қатысқан Сыртқы істер министрлерінің Ауғанстанда әйелдер мен қыздардың оқудан мақрұм қалғанына алаңдаушылық білдіргенін айтып: "Иран осы отырыста Ауғанстанның уақытша билігімен әріптесіп, рұқсат етілген тәсілдермен ауғандық мұсылман әйелдер мен балалардың оқу және жұмыс істеуден мақрұм қалмауына жағдай жасауға дайын",-деді.