Қырғызстанда Парсы каллиграфиясы және алтынмен аптау көрмесі өтеді
Қырғызстанның Ұлттық мұражайында ирандық ұстаздардың қатысуымен парсы каллиграфиясы және алтынмен аптау өнерінің көрмесі өтеді.
Алтынмен аптау өнері қолжазба кітаптың мұқабасы мен беттердің жиегіне түрлі геометриялық пішіндер және өсімдіктердің суретін алтынмен аптап салу болып табылады.
2023 жылы 18-20 сәуір аралығында Қырғызстанның Гапар Айтиев атындағы ұлттық көркемөнер мұражайында ирандық өнерпаздар Асқар Мұхаммеди және Әли Бахманидың қатысуымен Парсы каллиграфиясы және алтынмен аптау өнерінің көрмесі өтеді.
Бұл көрмеде сұлс, шекасте, насталиқ жазуымен жазылып, алтынмен апталған туындылар қойылады. Алтынмен аптайтын ұстаздар шеберлік сабағында көрермендерге осы өнер түрінде қолданылатын құралдар және шикізатпен таныстырып, көркем жазуға үйретеді.