Иран мен Оңтүстік Корея арасында мұнай келісіміне қол қойылды
Иранның мұнай өнеркәсібін зерттеу орталығы мен Оңтүстік Кореяның «Кигам» компаниясы арасында Ирандағы мұнай қорын анықтау мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Иранның мұнай өнеркәсібін зерттеу орталығының басшысы Хамид Hеза Катузиан мен Оңтүстік Кореяның «Кигам» компаниясының басшысы Хани Ким Теһранда 21-ші Халықаралық мұнай, газ және мұнай-химия көрмесінің аясында Ирандағы мұнай қорын анықтау мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Осы меморандум негізінде Иран мен Оңтүстік Корея көмірсутектің дәстүрлі және дәстүрлі емес қорларын анықтау, мұнай-химиялық (физикалық) және геофизикалық зерттеулер жүргізу, ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша әріптестік жасайтын болады.
21-ші Халықаралық мұнай, газ және мұнай-химия көрмесі бейсенбі күні Иранның 1900 компаниясы мен әлемнің 38 елінің қатысуымен Теһранда ашылды. Бұл көрме 8 мамырда өз жұмысын аяқтайды.