Америкалық сүңгуір қайық анықталды
(last modified Thu, 20 Apr 2023 14:33:48 GMT )
Сәу 20, 2023 20:33 Asia/Almaty
  • Америкалық сүңгуір қайық анықталды

Иранның "Фатих" сүңгуір қайығы Ормуз бұғазынан жасырын өтіп кетуді көздеген "Флорида" америкалық сүңгуір қайығын анықтады.

Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы: "30 фарвардин сағат 22:38-де "Фатих" сүңгуір қайығы америкалық сүңгуір қайығының жасырын өтуіне жол бермей, оны су бетіне шығуға мәжбүрледі",-деп хабарлады.

Осы ядролық сүңгуір қайық пен оның жанында "Пол Гамильтон" эсминеці Иран армиясы теңіз күштерінің тегеурінді қарсылығына ұшырағаннан кейін кеме қатынасы заңына бағынып, Иранның теңіз территориясынан шығып, Ормуз бұғазынан өтіп кетті.

Халықаралық заңдар бойынша, сүңгуір қайықтардың халықаралық өткелдерден су астымен өтуіне тыйым салынған.