Иран мен Катар екіжақты қарым-қатынасты нығайтып кеңейту керегін баса айтты
https://itolqyn.com/news/world-i69170-Иран_мен_Катар_екіжақты_қарым_қатынасты_нығайтып_кеңейту_керегін_баса_айтты
Ибрахим Раиси Катар әмірімен телефон арқылы сұхбатында ислам елдерінің сионистік режим басқыншылықтарының алдын алуда үйлесіп-бірлесіп әрекет ету керегін баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 21, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Катар екіжақты қарым-қатынасты нығайтып кеңейту керегін баса айтты

Ибрахим Раиси Катар әмірімен телефон арқылы сұхбатында ислам елдерінің сионистік режим басқыншылықтарының алдын алуда үйлесіп-бірлесіп әрекет ету керегін баса айтты.

Ибрахим Раиси шейх Тамим бен Хамд әл-Санимен телефон арқылы сұхбатында сионистік режимнің әл-Ақса мешітінде қорғансыз палестиналық ораза ұстаушыларға қарсы жасаған қылмыстарына тоқталып, ислам елдерінің сионистік режим басқыншылықтарының алдын алуда және Палестинаның жапа шеккен халқын қолдауда үйлесіп-бірлесіп әрекет ету керегін баса айтты.  

Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Сани де сионистік режимнің Палестина халқына қарсы басқыншылықтарын қатаң айыптап: "Катардың Палестинаға қатысты тұрақты ұстанымы – осы елдің халқын қолдау және сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптау",-деді.