Канани Энтони Блинкеннің сөздеріне реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i69230
Канани: "Иранның әскери бағдарламасы тежегіш сипатқа ие. АҚШ ішкі іске араласуын қойсын",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 23, 2023 22:56 Asia/Almaty
  • Канани Энтони Блинкеннің сөздеріне реакция білдірді

Канани: "Иранның әскери бағдарламасы тежегіш сипатқа ие. АҚШ ішкі іске араласуын қойсын",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың ойластырылмаған қате әрекеттерін ондаған жылдар бойы аймақта тұрақсыздық пен соғыстың туындау себебі деп атап: "АҚШ аймақ елдерінің мәселелеріне жөн-жосықсыз араласуын қойса, өзіне жақсы болады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің ИИР әскери бағдарламаларын бұзу үшін бұл елге жаңа санкциялар салатыны жайлы сөздеріне реакциясында: "АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның әскери бағдарламасы туралы арандатушы сөздері "иранофобия" атты жеңіліс тапқан жобаны қолданып, аймақ елдері арасына іріткі салу арқылы америкалық қару-жарақтарды сататын нарық табу болып отыр",-деді.

Канани: "Иранның әскери бағдарламасы тек қорғаныс және тежегіш сипатқа ие. Басып кіруді қаламайтын бірде-бір елге қарсы емес",-деді.