Канадада ұжымдық көр табылды
https://itolqyn.com/news/world-i69238
Канаданың бір мектебінде абориген балаларға тиесілі тағы 40 көр табылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2023 15:40 Asia/Almaty
  • Канадада ұжымдық көр табылды

Канаданың бір мектебінде абориген балаларға тиесілі тағы 40 көр табылды.

Бұл көрлер абориген балаларға тиесілі. Канада үкіметі абориген балаларды шіркеуге қарасты мектеп-интернаттарда мәжбүрлеп оқытып, төл мәдениетінен айыруға тырысқан. Бірақ олар физикалық және психологиялық азаптарға шыдамай қайтыс болған.

Бұл көрлер Канаданың батысындағы Бритиш Колубия аймағындағы бір мектептен табылды. Шіркеуге тиесілі мектеп-интернатта балаларға физикалық қорлық көрсетілген. Олардың денелері мектептің ауласында терең емес көрлерге есім-сойсыз көмілген. Канаданың байырғы тұрғындар қауымына жататын 150 мыңнан аса бала 1870-1997 жылдар аралығында ата-аналарынан тартып алынып, үкіметтің қарамағындағы мектеп-интернаттарға оқуға берілген. Осы уақытқа дейін мектептердің ауласынан 2400 оқушының денесі табылды. Канада мектептерінде 6 мыңға жуық оқушы азапталып өлтірілген деп болжанып отыр.