Үндістан 2023 жылы әлемдегі халқы ең көп мемлекет болады
Сәу 25, 2023 14:14 Asia/Almaty
Осы аптада Үндістан Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп елге айналады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жиналған мәліметтер бойынша Үндістан халқының саны 2023 жылдың сәуір айының соңына дейін 1 миллиард 425 миллион 775 мың 850 адамға жетеді.
БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаменті бұл болжамды растады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұдан бұрын Үндістан халқы биылғы жылдың ортасында Қытайдан асып түседі деп болжаған болатын.
Соңғы ресми статистика бойынша Қытай халқының саны шамамен бір миллиард 422 миллион адамды құрайды.
Тегтер