Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы артты
(last modified Sun, 30 Apr 2023 15:39:01 GMT )
Сәу 30, 2023 21:39 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы артты

Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы шамамен 100 пайызға артты.

Ереванда өткен Қазақстан-Армения экономикалық комиссиясының тоғызыншы отырысында: "Екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 99,8 пайызға артты. 2022 жылы сауда айналымы 41,6 млн долларға жетті. Ал 2021 жылы 20,8 млн доллар болған еді. 99,8 пайызға артты. Осы аралықта экспорт 10,3 млн доллардан 26,9 млн долларға, импорт 10,5 млн доллардан 14,7 млн долларға өсті.

Өткен жылы Қазақстаннан Арменияға ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, электрлік батарея, легирленбеген болат өнімдері және тағы басқа тауарлар экспортталды. Армениядан Қазақстанға ауыл шаруашылығы техникасы, құрал-жабдықтар, лак-бояу материалдары, дәрі-дәрмектер мен басқа да тауарлар импортталды.

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында армян тарабы Қазақстанның компанияларын Арменияда өтетін тендерлерге қатысуға, Гюмри қаласында (Хашк айлағы) логистикалық орталық ашу жобасына қатысуға шақырды.

Армения қазақстандық компаниялардың осы елдегі құрылыс жобаларына қатыса алатынын жариялады.

Сондай-ақ осы отырыста  ақпараттық технологиялар, мәдени алмасу, туризм саласында әріптестікті кеңейту, әсіресе Армения мен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстерінің санын арттыру, Астана мен Ереван арасында тікелей рейс ашу туралы сұхбаттасты.