Ресейдің туризм бірлестігі ирандық саяхатшылар үшін виза режимін алып тастауды сұрады
Ресейдің туризм бірлестігі ирандық саяхатшылар тобы үшін виза режимін алып тастау жөнінде ұсыныс айтты.
ТАСС ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ресейдің туризм бірлестігі Үндістан, Иран және Вьетнаммен визасыз ұжымдық сапарлар туралы келісімшарт жасау жайында ұсыныс білдірді.
Ресейдің туризм федералды агенттігі төрағасының орынбасары Николай Каралиев ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, бұл шараның Ресейге келуші туристер санының артуына және саяхатшыларды бақылау үшін тиісті деңгейдің сақталуына рұқсат беретінін мәлімдеп: «Ресей қазіргі кездегі Қытаймен ортақ ынтымақтастық тәжірибесі негізінде Үндістан, Иран және Вьетнаммен осындай парламенттік келісімшарттар жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осы ретте Қытаймен қол жеткізілген тәжірибені толығымен қолдануға болады» деді.
Осы мәлімет бойынша, сенбі күні Татарстан автономиялы республикасының орталығы Қазан қаласында Ресейдің туризм федералдық агенттігінің көмегімен Ресейдегі ерікті туристер форумы ашылды.