Ұлыбританияда монархиялық жүйеге қарсыларға сес көрсетілді
Ұлыбританияның патшалық әулетіне қарсы мыңдаған адам Лондонда митинг өткізгеннен кейін осы елдің билік басындағы консерваторлар партиясының жоғары лауазымды заң шығарушысы жанжалды сөздер айтып, қарсыластардан патшаны қабылдай алмаса, елден көшіп кетулерін талап етті.
Консерваторлар партиясы басшысының орынбасары Ли Андерсон (Lee Anderson) Твиттердегі жеке парақшасында Ұлыбританияның жаңа патшасы Чарльз III-нің таққа отыру рәсімі қарсаңында Лондонда монархиялық жүйеге қарсы митинг өткізген "Республика" тобына мүше наразылардың ұсталғаны туралы пікір білдірді. Ол тіл тигізе сөйлеп, "Ол менің патшам емес" деп монархиялық жүйеге қарсы шыққандардың ұрандарын ақымақтық деп атап: "Ол менің патшам емес? Егер сіз патша бар елде өмір сүргіңіз келмесе, шешім жолы ақымақ ұрандарыңызбен шеру өткізу емес. Шешімі – елден көшу",-деп жазды. Ол сондай-ақ осы ел полициясының Букингем сарайы маңында "Ол менің патшам емес" деген ұран жазылған плакаттар ұстап шыққан наразыларға қарсы басып-жаншу әрекеттеріне қолдау білдірді.
Консерваторлар партиясының аға мүшесінің монархиялық жүйеге қарсыларды Ұлыбританиядан шығару керек деген ұстаным білдіруі бір жағынан елдегі билік болмысының демократиялық емес екенін және екінші жағынан бұл елде қарсыластардың ой-пікіріне төзімділік жоқ екенін көрсетеді. Ал негізі монархиялық жүйеге қарсылар бейбіт митинг өткізіп, өз көзқарастарын білдірді. Оларға қатынас тәсілі мынаны көрсетті: мәселе Ұлыбританиядағы саяси жүйе, соның ішінде монархиялық жүйе туралы болса, ешбір қарсылық қабылданбайды. Ұлыбритания полициясы Чарльз III-нің таққа отыру рәсімі қарсаңында Букингем сарай маңында митинг өткізген "Республика" атты монархияға қарсы топтың басшысы Грэм Смит пен бірнеше адамды қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен қамауға алды.
Чарльз III-нің таққа отыру рәсімі елде монархиялық жүйені жою туралы талаптар көбейген жағдайда өтті. Әлемнің көптеген елдерінде монархиялық жүйенің жойылуы және бір елдің басқару жүйесіне аға басшылар халықтың дауысымен сайланатын республикалық жүйені жақтау да Ұлыбританияда монархиялық жүйені жою туралы талаптардың көбеюіне себеп болды. Ұлыбританияда мыңдаған мүшесі мен ондаған мың жақтасы бар "Республика" тобы елдегі монархиялық жүйенің бір туристік тартымдылық саналатыны туралы уәжді теріске шығарып: "Бұл жүйе бұрынғы заманда британ патшаларының адамдарға жасаған зұлымдықтарын еске түсіреді",-деді. Бұл топ елде монархиялық жүйенің болашағы туралы референдум өткізуді талап етіп отыр.