Мәскеу төртжақты отырысының ортақ мәлімдемесінде Сирияға халықаралық көмек көлемін ұлғайтудың маңыздылығы айтылды
Иран, Ресей, Түркия мен Сирияның Сыртқы істер министрлері ортақ мәлімдемеде Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауға, ішкі ісіне араласпауға және терроризмнің кез келген түрімен күресуге міндеттеме алып, осы елге халықаралық гуманитарлық көмек көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуде өткен төрт ел Сыртқы істер министрлері отырысының ортақ мәлімдемесінде: "Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан, Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад және Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу Мәскеуде Сирия мен Түркия арасында үкіметаралық қатынасты түрлі сатыда қайта бастауға қатысты мәселелер туралы ашық та түбегейлі сөйлесті",-делінген.
Осы ортақ мәлімдемеде: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарары мен Астана үдерісінің ресми мәлімдемелерін ескеріп, қатысушылар Сирияның аумақтық тұтастығын сақтауға, ішкі ісіне араласпауға және осы елде терроризм, экстремизм және сепаратизмнің кез келген түрімен күресуге міндеттеме алды және Сирияның бүкіл территориясына ұлттық билікті орнату керегін баса айтып, осы мақсаттарды орындау жолындағы кедергілерді жою үшін әрекет етуге дайын екенін жариялады",-делінген.