Канани: АҚШ – өзінің демократиялық ұрандарына қарамастан әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушы
https://itolqyn.com/news/world-i69620
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ – өзінің демократиялық ұрандарына қарамастан әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушы",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 12, 2023 16:30 Asia/Almaty
  • Канани: АҚШ – өзінің демократиялық ұрандарына қарамастан әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушы

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ – өзінің демократиялық ұрандарына қарамастан әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушы",-деді.

Насер Канани жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-тың 2022 жылы 142 елге қару-жарақ сатқанын айтып: "Байден үкіметі алғашқы қаржы жылында 206 млрд долларға қару-жарақ сатты. 2022 жылы әлемде автократиялық үкіметтер деп танылған 84 елдің кемінде 48-іне, яғни 57 пайызына қару-жарақ сатты",-деп жазды.  

Насер Канани әлемдегі қоғамдық пікірдің АҚШ-тың кереғар қатынасын сынауы керегін айтып: "The Intercept онлайн басылымының зерттеуінше, АҚШ қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бүгінге дейін әлемдегі ең ірі қару-жарақ сатушы болып келеді. Әлемде бір жылда экспортталатын бүкіл қару-жарақтың 40 пайызға жуығын қамтып отыр",-деді.