Зеленский Еуроодаққа қосылуға күш салуда
https://itolqyn.com/news/world-i69626
Украина Президенті Еуроодаққа қосылу үдерісін жылдамдату үшін осыған қатысты заңға түзетулер енгізу жобасын бекітті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 12, 2023 17:20 Asia/Almaty
  • Зеленский Еуроодаққа қосылуға күш салуда

Украина Президенті Еуроодаққа қосылу үдерісін жылдамдату үшін осыған қатысты заңға түзетулер енгізу жобасын бекітті.

Володимир Зеленский жұма күні: "Бекітілген жобаға сәйкес Украинаның қылмыстық және әкімшілік сот жүйесіне түзетулер енгізіледі",-деп мәлімдеді.

Украина Президенті: "Бұл жоба Киевтің Еуроодаққа жылдам қосылуын кепілдендіретін негізгі элемент саналады",-деп уәж айтты.

Саяси сарапшылардың сенімінше, бұл жоба бекітілсе де, Еуроодақтың Украинаны осы ұйымға жылдам қабуылдауға келісе қоюы екіталай. Өйткені Еуропа елдерінің өздері қазіргі таңда көптеген түйткілдермен бетпе-бет келіп отыр. Украина сияқты соғыстан зардап шеккен елге Еуроодақтың есігін ашу бұл құрлықта дағдарыстың өрши түсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.