Амир Абдуллахиан сионистердің басқыншылығына қарсы Палестина халқының қаһармандық қарсылығын мадақтады
Иран Сыртқы істер министрі Исламдық жиһад ұйымының бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің Газа секторындағы басқыншылығын айыптай отырып, Палестина ұлты мен жиһадшы топтардың осы режимнің басқыншылығына қарсы қаһармандық қарсыласуын мадақтады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше (жұма күні) Хұсейн Амир Абдуллахианның Зияд Нахалемен телефон арқылы сөйлесуінде Палестинадағы соңғы саяси және майдандық өзгерістер мен сионистік режимнің Газа секторындағы айуандық басқыншылығы талқыланып, талдау жасалды.
Иран Сыртқы істер министрі осы телефон сұхбатында Палестина ұлты мен жиһадшы топтардың осы басқыншылықтарға қарсы қаһармандық қарсыласуын мадақтады.
Палестина Исламдық жиһад ұйымының бас хатшысы да осы сұхбатта Ислам революциясының жетекшісіне, Иран президентіне, үкіметі мен халқына сәлем жолдап, қарсыласу алаңындағы жағдайды жоғары деп бағалап, осы шабуылдар тоқтап, режим қарсыласу шарттарын қабылдамайынша, сионистік режимнің Газа секторындағы басқыншылығына қарсы тұруды жалғастыруды қуаттад