Maм 14, 2023 17:46 Asia/Almaty
  • Халықаралық медициналық білім беру федерациясының басшысы Иранның денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктеріне таңдай қақты

Халықаралық медициналық білім беру федерациясының басшысы Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі, оның орынбасарлары мен бөлім басшыларымен кездесуінде елдің денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктеріне таңдана таңдай қақты.

Халықаралық медициналық білім беру федерациясының басшысы Рикардо Леон Борхес Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрімен кездесуінде: "Иран медициналық білім беруге көп көңіл бөледі. Сондықтан осы федерацияның (WFME) аккредиттеу үдерісінде негізгі мүше елдердің бірі бола алады",-деді.

Рикардо Леон Борхес: "Федерация 2019 жылы Иранда бастаған медициналық білім беруді аккредиттеу үдерісі өте жақсы ілгеріледі. Иран бұл салада дұрыс бағытта қадам басып барады",-деді.

Рикардо Леон Борхес Ирандағы медициналық білім беру сапасына таңданыс білдіріп: "Федерация Ирандағы жалпы медицинаны аккредиттеуді аяқтағаннан кейін мамандандырылған курстарды да аккредиттей бастайды",-деді.  

Халықаралық медициналық білім беру федерациясының басшысы Ирандағы медицина университеттерінде 65 мың студент жалпы медицина бөлімінде оқитынын, 22 мың ұстаз ғылыми кеңеске мүше екенін айтып: "Иран университеттерінде ұстаздар мен студенттердің көбі медицина ғылымы саласында оқып жатыр. Мұның өзі Иран үкіметінің медицина ғылымын дамытуға көңіл бөліп отырғанын көрсетеді",-деді.

Тегтер