АҚШ-та кедейлік пен баспанасыздықтан қаза тапқандар саны артты
https://itolqyn.com/news/world-i69678
The New York Times газеті өз мақаласында: "АҚШ-тың ірі қалаларында күн сайын көп адам баспанасыздықтан көз жұмады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 14, 2023 19:25 Asia/Almaty
  • АҚШ-та кедейлік пен баспанасыздықтан қаза тапқандар саны артты

The New York Times газеті өз мақаласында: "АҚШ-тың ірі қалаларында күн сайын көп адам баспанасыздықтан көз жұмады",-деді.

Осы газеттің хабарлауынша, АҚШ азаматтарының көбі үйде тұрудың орнына баспанасыз жағдайда өмір сүріп жатыр. Баспанасыздардың көшеде көз жұму фактісі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті.

АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы өлім-жітім саны өткен онжылдықпен салыстырғанда 10 есе артты. Қаладағы баспанасыздарға басқа тұрғындарға қарағанда 118 есе көп есірткіні шамадан тыс шегуден өлу қаупі, 19 есе көп кісі қолынан өлу қаупі, 12 есе көп шабуылға ұшырау қаупі және 8 есе көп суицид жасау қаупі төніп тұр.  

The New York Times газеті мақаланың жалғасында: "Сан-Диего қаласындағы бір аурухананың жедел-жәрдем бөліміне өткен жылы 10500 баспанасыз тіркелген",-деп жазды.