Иран Президенті Ауғанстан басшыларына Гильменд суын тұтыну құқығына қатысты ескерту жасады
Иран Президенті Ауғанстан басшыларына: "Систан мен Белуджистан облысы тұрғындарының Гильменд суын тұтыну құқығын сақтауды шұғыл түрде қолға алыңыздар",-деп ескерту жасады.
1972 жылы Иран мен Ауғанстанның сол кездегі басшылары қол қойған Гильменд хаттамасы бойынша, Иран осы өзеннен жылына 820 млн текше метр су алуға құқылы. Яғни секундына 26 текше метр су келіп тұруы тиіс. Әрине түрлі айлар мен мезгілдерде бұл көлем өзгеріп отырады.
Иранның Гильменд суын тұтыну құқығын сақтаймыз деген Ауғанстанның бұрынғы үкіметі Нимруз облысында Гильменд өзені жолына "Камалхан" бөгетін тұрғызу арқылы іс жүзінде осы хаттаманың орындалуына тосқауыл қойып, Иран жеріндегі, әсіресе Систан мен Белуджистан облысында Гильменд өзені айналасында тұратын адамдардың өмірі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне орасан зор зиян тигізді.
Ибрахим Раиси бейсенбі күні Чабаһарға сапарында Гильменд суын тұтыну құқығы туралы: "Ауғанстан басшыларына Систан мен Белуджистан облысы тұрғындарының су тұтыну құқығын шұғыл түрде орындасын деп ескерттік",-деді.
Иран Президенті: "Егер біздің сарапшылар судың тапшылығын растайтын болса, дауымыз жоқ. Болмаса, халқымыздың құқығы аяққа тапталуына жол бермейміз. Бұл уақыт өте келе өздігінен шешілетін мәселе емес",-деді.