Ақ үй: Атом бомбасын тастағанымыз үшін Жапониядан кешірім сұрамаймыз
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі: "Вашингтон 1945 жылы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастағаны үшін Жапониядан кешірім сұрамайды",-деді.
1945 жылы 6 тамызда АҚШ әлем тарихындағы алғашқы атом бомбасын Хиросима қаласына тастады.
АҚШ-тың осы адамзатқа қарсы қылмысы Хиросима қаласының жермен-жексен болып, 140 мың адамның қаза табуына әкеліп соқтырды. Үш күн өткен соң АҚШ екінші атом бомбасын Нагасаки қаласына тастады. Соның салдарынан тағы 70 мың адам қанға бөкті.
Хиросима қаласында жарылған атом бомбасы 15 мың тонна TNT болған. Жарылыс кезінде ауа температурасы 4 мың градусқа жеткен. Осы екі қалада атом бомбалары жарылысынан тірі қалғандар өңеш, өкпе және тағы басқа обыр түрлеріне шалдыққан.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан: "АҚШ Президенті Джо Байден G7 тобының отырысына қатысу үшін Жапонияға сапарында Токио үкіметінен Хиросима мен Нагасакиге жасалған ядролық шабуылға қатысты кешірім сұрамайды",-деп тура айтты.