Иран, Қытай және Ресей арасындағы одақ жаңа әлемдік тәртіпті білдіреді
https://itolqyn.com/news/world-i69786
Иран Қарулы Күштері Бас штабы қолбасшысының орынбасары Ресей теңіз күштерінің қолбасшысымен кездесуінде оқу-жаттығулар мен халықаралық алмасулар өткізу, сондай-ақ Иран, Қытай және Ресей арасындағы одақтастықтың жаңа әлемдік тәртіпті білдіретінін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 19, 2023 17:04 Asia/Almaty
  • Иран, Қытай және Ресей арасындағы одақ жаңа әлемдік тәртіпті білдіреді

Иран Қарулы Күштері Бас штабы қолбасшысының орынбасары Ресей теңіз күштерінің қолбасшысымен кездесуінде оқу-жаттығулар мен халықаралық алмасулар өткізу, сондай-ақ Иран, Қытай және Ресей арасындағы одақтастықтың жаңа әлемдік тәртіпті білдіретінін мәлімдеді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бригада генералы Азиз Насирзаде Теһранда адмирал Николай Евменовпен кездесуінде 86-шы теңіз флотының сапарын тарихи әрекет деп сипаттап: «Жерорта теңізі, Аден шығанағы және Үнді мұхиты сияқты маңызды аймақтарда бірлескен теңіз патрульдер жүзеге асырылса, осы аймақтардағы қауіпсіздіктің тұрақтылығында маңызды рөл атқара алатын маңызды шара болып табылады»,- деді.

Бұл кездесуде адмирал Николай Евменов те ИИР-да болғанына разылығын білдіріп: «Әлемде бірполярлық жүйе болуы мүмкін емес және достас елдер бірігуі керек»,- деді.