Татарстан Президенті: Бүгін барлық жолдар Иранда аяқталады
Татарстан Президенті Рашт-Астара теміржол желісі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына ризалығын білдіріп: «Бүгінде санкциялар кезінде барлық жолдар Иранда аяқталады»,- деді.
Татарстан Президенті Рустам Минниханов 14-ші «Ресей-Ислам әлемі» дүниежүзілік экономикалық форум аясында Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің орынбасары Алиреза Пейман Пакпен кездесуінде: «Халықаралық сауда айналымда бүгінде Ресейдің Үнді мұхитымен және көршілес аймақтармен сауда алмасуының ең қысқа жолы Иран арқылы өтеді. «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің батыс теміржол бағытының жетіспейтін буыны ретінде 162 шақырымдық Рашт-Астара теміржол жобасын жүзеге асыру екі ел үшін оң экономикалық нәтижелер әкеліп қана қоймай, Ресей мен Иранды басқа салаларда да жақындастырады»,- деп мәлімдеді.
Татарстан Президенті де Иранның 2023 жылғы Қазан форумына белсенді қатысуын жоғары бағалап: «Ресей мен Иран бір-бірінің көмегімен Батыстың санкцияларымен күресуі керек»,- деп баса айтты.