Иран Президенті Индонезияға ресми сапармен барды
(last modified Mon, 22 May 2023 11:26:49 GMT )
Maм 22, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Индонезияға ресми сапармен барды

Иран Президенті Индонезия Президентінің ресми шақыруымен екі елдің саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасын одан ары кеңейту мақсатында бүгін, дүйсенбі Джакартаға аттанды.

Ресми қарсы алу, Индонезия Президенті Джоко Видодомен екіжақты кездесу,  түрлі салаларда әріптестік туралы құжаттарға қол қою – осының барлығы Иран Президентінің Индонезияға сапары барысында атқарылатын бағдарламалар деп жарияланды.

Раиси сондай-ақ осы сапарда Индонезия Президентімен кездесумен қоса, осы ел Парламентінің Өкілдер палатасы және Консультациялық палатасының төрағаларымен кездесіп, сұхбаттасады.

Екі елдің экономикалық белсенділері және кәсіпкерлерімен отырыс өткізу, индонезиялық үлемдер және ойшылдармен сұхбаттасу және Индонезияда тұратын ирандықтармен кездесу Иран Президентінің екікүндік сапарында жоспарланған бағдарламалар болып отыр.