Иран мен Индонезия коммерциялық операцияларды ұлттық валюталармен жүзеге асыруды келісті
(last modified Tue, 23 May 2023 11:14:45 GMT )
Maм 23, 2023 17:14 Asia/Almaty
  • Иран мен Индонезия коммерциялық операцияларды ұлттық валюталармен жүзеге асыруды келісті

ИИР Президенті Иран мен Индонезияның қарым-қатынас деңгейін жақсарту үшін түрлі салалары мен мүмкіндіктері бар деп атап, бұл сапардың аймақтағы және әлемдегі екі қуатты ислам елі арасындағы өзара әрекеттесуді кеңейтуде сындарлы әсер етуі мүмкін және оның әсері Индонезия Президентінің Теһранға өзара сапарымен толықтанатынына үмітін білдірді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Индонезияға ресми сапар жоспарын жалғастыра отырып, бүгін, сейсенбі, жергілікті уақыт бойынша түске дейін осы елдің президенті Джоко Видодомен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп, бұл сапарда Индонезиямен қарым-қатынасты дамыту үшін үлкен қадамдар жасалатынына сенім білдіре отырып: «Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған 70 жыл ішінде екі ел әртүрлі саяси, экономикалық, сауда, аймақтық және халықаралық салаларда әрқашан жақсы өзара іс-қимылдар жасап келеді»,- деді. Ол: «ИИР өзінің жас мамандарының күш-жігерімен қатыгез қысымдар мен санкцияларға қарамастан, ғылым мен технологияның өсуі және экономикалық даму бағытында құнды қадамдар жасады. Санкциялар мен қоқан-лоққылар Иранды ешқандай жолмен тоқтата алмады»,- деп мәлімдеді. Иран Президенті мұсылман, көрші және одақтас елдермен ынтымақтастық пен байланыс жасауды ИИР-ның сыртқы саясатының басымдылығы деп атап: «Азия мен әлемнің маңызды және тиімді елдерінің бірі ретінде маңызды аймақтық және халықаралық ұйымдарға мүше Индонезиямен қарым-қатынастарды кеңейту Иран үшін өте маңызды»,- деп айтты. Раиси АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылдық болуының тек қирату мен өлтіруден басқа ешнәрсе әкелмегеніне, оның ішінде 35 мың баланың мүгедекке айналуына әкелгеніне тоқталып, Иран мен Индонезияның аймақтық және халықаралық мәселелерде біржақтылықпен байыпты күресуге табанды екенін мәлімдеді.