Рухани Түркіменстан Сыртқы істер министрін қабылдады
ИИР Президенті: «Түркіменстанмен екіжақты, аймақтық және халықаралық салаларда ынтымақтастықты кеңейту – ИИР-ның басты бағдарларының бірі»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мұрадовты қабылдауында: «Екі ел бұрыннан бері бір-бірімен сәтті әріптестік жасап келеді. Осы ынтымақтастықты екі ел мен аймақтық қарым-қатынасты дамыту мүдделеріне сай кеңейту қажет»,-деп баса айтты.
ИИР Президенті Иран мен Түркіменстан ынтымақтастығы мен байланысын кеңейту үшін Каспий теңізінің әлеуеттерін дұрыс пайдалану қажеттігін баса айтып: «Темір жол желісін салу және оның Орта Азия мен Шығыс Азияға дейін созылып жатуы Иран мен Түркіменстанды стратегиялық байланыс орнатудың жолына бағыттап отыр»,-деді.
Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мұрадов та Теһран-Ашхабад қарым-қатынасының жан-жақты дамуынамүдделік танытып: «Терроризм, экстремизм және есірткі контрабандасымен күресу әрдайым екі ел басшылары тарапынан баса айтылып келеді»,-деді.