Раиси: Теһран мен Джакартаның экономикасы бірін-бірі толықтырады
(last modified Thu, 25 May 2023 10:40:47 GMT )
Maм 25, 2023 16:40 Asia/Almaty

ИИР Президенті Теһран мен Джакартаның экономикасын бір-бірін толықтырушы деп санады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси  сәрсенбі күні кешке Теһранның «Мехрабад» әуежайында Индонезияға екі күндік сапарынан оралған соң: «Иранның әртүрлі елдермен қарым-қатынасы аймақшылдық пен көршілестік саясатына негізделген»,- деді. Иран Президенті: «Иранның саясаты – Қытай, Үндістан және Индонезия сияқты дамып келе жатқан Азия державаларымен экономикалық және жан-жақты әрі теңдестірілген ынтымақтастық орнату. Осы сапар барысында экономика, сауда, мәдени және энергетика салаларында ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойылды. Ирандық мамандардың бастамасымен роботты хирургиялық құрылғыларды қолдану бойынша келіссөздер жүргізіліп, Индонезияның 12 ауруханасы осы құрылғылармен жабдықталатын болды»,- деп мәлімдеді.