Maм 25, 2023 16:43 Asia/Almaty
  • Раиси: Индонезия ғалымдарының Ислам әлемінің мәселелеріне қатысты ұстанымын дер кезінде жариялау өте маңызды

ИИР Президенті индонезиялық ғалымдардың Ислам әлемінің мәселелеріне қатысты ұстанымын дер кезінде түсініп, жариялауын өте маңызды деп сипаттап, Иранның  Индонезиядағы исламдық ұйымдармен осы елмен мәдени және экономикалық қарым-қатынас деңгейін көтеру мақсатында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін баса айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси  кеше, сәрсенбі күні Индонезиядағы исламдық ұйымдардың басшыларымен кездесуінде дінге қарсылық пен батыстықтардың адамдар мен діннің арасын алшақтатуға талпыныстарына қарамастан, халықтар арасында тақуалық пен құдайға сену үрдісінің күшеюіне назар аудара отырып, дарынды адамдарды тәрбиелеуді және адасу, жемқорлық, әділетсіздік және кемсітушілікпен күресуді ислам ғұламаларының ауыр міндеті деп атады.

ИИР Президенті индонезиялық ғұламалар арасындағы бірлікке тоқталып, дін мен діни бағытқа қызығушылықты Индонезия халқының ерекше белгілері деп атады және қоғамдағы имандылық пен руханиятты дамыту үшін ғалымдардың билікпен ынтымақтастығын тиімді әрі маңызды деп тоқталды.

Тегтер