Мәскеуде ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан екі адам жарақат алды
https://itolqyn.com/news/world-i70050
Ресей ақпарат құралдары 32 ұшқышсыз ұшақтың Мәскеудің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасағанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 30, 2023 16:30 Asia/Almaty
  • Мәскеуде ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан екі адам жарақат алды

Ресей ақпарат құралдары 32 ұшқышсыз ұшақтың Мәскеудің әртүрлі аймақтарына шабуыл жасағанын хабарлады.

Мәскеу мэрі: «Мәскеуге ұшқышсыз жасалған шабуылдардан кейін кейбір ғимараттар аздап шығын көрді. Бұл шабуылдарда да адам өлімі болған жоқ. Ұшқышсыз ұшақтың шабуылынан екі адам жараланды. Сондай-ақ, украиналық ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан жеңіл зардап шеккен екі үйдің тұрғындары қауіпсіздік мақсатында эвакуацияланды»,- деді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Киев режимінің ұшқышсыз ұшақтармен террорлық шабуыл жасап, Мәскеуді нысанаға алғанын мәлімдеді. ТАСС ақпарат агенттігі сондай-ақ жаппай шабуылдарға қарамастан Мәскеу әуежайларының қалыпты жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Ресей Қауіпсіздік комитеті Мәскеудегі бірқатар ғимараттарға бірнеше ұшқышсыз ұшақтардың құлауын тексеруді бастады.