Украина парламенті Иранға қарсы 50 жылдық санкцияға келісті
(last modified Tue, 30 May 2023 10:40:02 GMT )
Maм 30, 2023 16:40 Asia/Almaty
  • Украина парламенті Иранға қарсы 50 жылдық санкцияға келісті

Украиналық БАҚ Украина парламентінің дұшпандық әрекетте Иранға қарсы 50 жылдық санкцияға келіскенін хабарлады.

Сенбі күні Украинаның Жоғарғы парламентіне ұсынылған қарар жобасына сәйкес, Владимир Зеленский ИИР-на қарсы 50 жылдық санкциялар енгізуді ұсынды. Иран мен Украина арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың аса маңызды емес көлемін және Киевтің Вашингтонның Иранға қарсы санкцияларын толық орындауын ескере отырып, Зеленский үкіметі бұл санкциялардан үгіт-насихаттық әрекеттерден басқа қандай мақсатты көздейтіні белгісіз. Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Зеленскийдің Иранға қарсы сөздеріне жауап беріп: «ИИР әрқашан Украина халқының қайғы-қасіретіне қатты өкінетінін мәлімдеп, оны тезірек тоқтату үшін саяси шешім табу қажеттігін қуаттап, оның жүзеге асуына көмектесуге дайын»,- деген.