Амир Абдуллахиан: Теһран мен Вашингтон араағайындар арқылы хат алмасады
Иран Сыртқы істер министрі ядролық мәселе жөнінде Иранның Еуроодақпен тікелей, АҚШ-пен араағайын елдер арқылы байланыста екенін хабарлады.
Амир Абдуллахиан Францияның "Фигаро" газетіне берген сұхбатында: "Ядролық мәселе жөнінде дипломатиялық үдеріс, яғни Еуроодақпен келіссөздер жалғасып жатыр",-деді.
Амир Абдуллахиан: "Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельмен ядролық келіссөздер бойынша байланыстамын",-деді.
Иран Сыртқы істер министрінің айтуынша, Теһран мен Вашингтон арасындағы хат алмасу аймақтық және тіпті еуропалық араағайындар арқылы жалғасып жатыр.
Амир Абдуллахиан: "Иран мен Сауд Арабиясы арасында қарым-қатынастың қайта басталуы тек бір тактикалық келісім емес",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Иран Сауд Арабиясымен сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту жөнінде келісім жасады",-деді.