Маусым 01, 2023 17:25 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркияның Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Түркияның Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынасты кеңейту туралы пікір алмасты.

Амир Абдуллахиан Мевлют Чавушоғлымен телефон арқылы сөйлесіп, Режеп Тайып Ердоғанның Түркияда өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтап, жаңа үкіметте екі елдің ынтымақтастығы екі ел басшыларының ерік-жігері мен талап-тілегі негізінде одан ары жалғаса түсетініне үміт білдірді.  

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ әртүрлі салаларда екі елдің ынтымақтастығын арттыру керегін айтты.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы да осы сұхбатта Иран мен Түркияның екіжақты және аймақтық тақырыптарда әріптестік жасау керегін айтты.

Тегтер