Маусым 02, 2023 18:13 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ Бас ассамблеясы басшысының орынбасары болып тағайындалды

ИИР БҰҰ-ның 78-ші Бас ассамблеясы басшысының орынбасары және осы ассамблеяның жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау және қарусыздану комитетінің баяндамашысы және осы комитеттің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас ассамблеясы бейсенбі күні бірауыздан ИИР-дың Нью-Йорктегі тұрақты өкілін 78-ші Бас ассамблея басшысының орынбасары етіп сайлады.

Бұл шешімге сәйкес ИИР БҰҰ Бас ассамблеясы басшысының 5 орынбасарының бірі ретінде Азия және Тынық мұхиты елдері тарапынан биыл қыркүйек айында әлем елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтетін саммитке қатысады.

БҰҰ Бас ассамблеясы сондай-ақ бірауыздан ИИР-ды Жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау және қарусыздану комитетінің баяндамашысы және осы комитеттің директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлады.

Өткен бірнеше аптада АҚШ-тың Нью-Йорктегі өкілдігі дипломатиялық  ортада Иранды осы екі лауазымға тағайындаудың алдын алуға күш салған болатын.

Тегтер