Иран БҰҰ Бас ассамблеясы басшысының орынбасары болып тағайындалды
ИИР БҰҰ-ның 78-ші Бас ассамблеясы басшысының орынбасары және осы ассамблеяның жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау және қарусыздану комитетінің баяндамашысы және осы комитеттің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ Бас ассамблеясы бейсенбі күні бірауыздан ИИР-дың Нью-Йорктегі тұрақты өкілін 78-ші Бас ассамблея басшысының орынбасары етіп сайлады.
Бұл шешімге сәйкес ИИР БҰҰ Бас ассамблеясы басшысының 5 орынбасарының бірі ретінде Азия және Тынық мұхиты елдері тарапынан биыл қыркүйек айында әлем елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтетін саммитке қатысады.
БҰҰ Бас ассамблеясы сондай-ақ бірауыздан ИИР-ды Жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау және қарусыздану комитетінің баяндамашысы және осы комитеттің директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлады.
Өткен бірнеше аптада АҚШ-тың Нью-Йорктегі өкілдігі дипломатиялық ортада Иранды осы екі лауазымға тағайындаудың алдын алуға күш салған болатын.