Маусым 02, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Екіжақты қарым-қатынасты дамыту Иран мен ОАР Сыртқы істер министрлері сұхбатының басты өзегі болды

Иран мен ОАР Сыртқы істер министрлері BRICS отырысы аясында кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты дамыту жайында сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке ОАР Сыртқы істер министрінің шақыруымен BRICS тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу мақсатында Кейптаунға аттанды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні кешке ОАР Сыртқы істер министрі Наледи Пандормен кездесуінде жаһандық жүйе өзгеріп жатқанын айтып: "Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен BRICS тобы жаңа жаһандық жүйеде маңызды рөл атқара алады",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің көршілес елдерге лаңкестікпен күресуге көмектесуде сәтті тәжірибеге ие болғанын айтып, ОАР-дың Палестина халқын қолдайтынына алғыс білдірді.  

ОАР Сыртқы істер министрі де осы кездесуде: "BRICS тобына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері осы отырыста жаңа елдерді қабылдау механизмі жайлы пікір алмасты. Оның нәтижесі жуырда өтетін BRICS басшылары саммитінде жарияланатын болады",-деді.

Тегтер