Маусым 02, 2023 20:14 Asia/Almaty
  • Ресей астық экспорттау келісімін ұзартуды аммиак экспорттау мәселесін шешумен байланыстырды

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары бейсенбі күні: "Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімін ұзарту туралы сөйлесу үшін Ресейдің аммиагын экспорттау мәселесін шешу керек",-деп мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Вершинин Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісіміне қол қойылғанына бір жыл өткеніне, бірақ Ресейдің аммиагын экспорттау мәселесінің әлі шешілмегеніне тоқталып: "Бұл мәселені шешпей, келісімді ұзарту мүмкін емес",-деді.

БҰҰ баспасөз өкілі Стефан Дуджарик бейсенбі күні: "БҰҰ Ресей мен Украина арасында Қара теңіз арқылы астық экспорттау келісімін орындау қарқынының азайып бара жатқанына алаңдайды",-деді.

Стефан Дуджарик: "БҰҰ тараптармен келісімді толық орындау туралы сөйлесетін болады",-деді.

Тегтер