Ресей Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жойды
https://itolqyn.com/news/world-i70140
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков: «Бұл елдің армиясы Украинадағы маңызды әскери инфрақұрылымды қорғайтын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне әуеден ұшырылатын алыс қашықтықтағы басқарылатын зымырандармен шабуыл жасап, сәтті жойды»»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 03, 2023 16:17 Asia/Almaty
  • Ресей Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жойды

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков: «Бұл елдің армиясы Украинадағы маңызды әскери инфрақұрылымды қорғайтын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне әуеден ұшырылатын алыс қашықтықтағы басқарылатын зымырандармен шабуыл жасап, сәтті жойды»»,- деді.

 

Ресейлік «ТАСС» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Конашенков Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында: «Украинаның маңызды әскери инфрақұрылымын қорғайтын зениттік жүйелерге қарсы жаппай шабуылдар бейсенбіге қараған түні дәл басқарылатын оқ-дәрілермен жасалды. Барлық қорғаныс жүйелер сәтті нысанаға алынды»,- деп мәлімдеді.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Украина армиясы да ресейлік шабуылдарға жауап ретінде бірқатар шабуылдар, оның ішінде  Запорожьедегі Ресейдің бақылауындағы аудандарға қарсы шабуыл жасады.