Варшавада жарты миллионнан аса адам Польша үкіметінің саясатына қарсы шеруге шықты
(last modified Mon, 05 Jun 2023 17:16:09 GMT )
Маусым 05, 2023 23:16 Asia/Almaty
  • Варшавада жарты миллионнан аса адам Польша үкіметінің саясатына қарсы шеруге шықты

Шерушілер Польша үкіметін конституцияны бұзып, халықтың құқығын әлсіретті деп айыптады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл Польшада коммунистік үкімет құлағаннан кейінгі 30 жылда үкіметке қарсы ұйымдастырылған ең ірі шеру болды.

Польшаның басқа қалаларында, соның ішінде Краковта да ұқсас шеру өтті. Үкіметке қарсылар алдағы парламенттік сайлауда "Әділет пен заң" партиясының 8 жылдық билігі тоқтатылады деп үміттенеді.