Иранның гипер дыбысты зымыранының тұсауының кесілуіне Ақ үй реакция білдірді
Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық байланыс үйлестірушісі Джон Кирби Иранның «Фаттах» гипер дыбыстық зымыранын тұсауының кесілуіне реакция білдірді.
Джон Кирби баспасөз мәслихатында журналистің осы мәселеге қатысты сұрағына: «Байден үкіметі Иранның аймақтағы тұрақсыздандыру әрекеттерімен, соның ішінде осы елдің баллистикалық зымыран бағдарламасын дамытумен күресуде өте анық, дәл және шешуші болды»,- деп жауап берді.
Джон Кирбидің мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранның зымырандық бағдарламасына қолдау көрсету сылтауымен Иран, Қытай және Гонконгтағы компаниялар желісін санкциялар тізіміне енгізгенін жариялады.
Хабарламаларда гипердыбыстық «Фаттах» зымыранының 1400 шақырымға дейін жететінін және барлық зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінен өтіп, оларды жоюға қабілетті екенін көрсетілді. Бұл зымыран түрі бүгінде Америка, Ресей, Қытай сияқты елдер жасап, қолданып жүрген соңғы қару-жарақ пен техниканың бірі.