Джиддада Иран бас консулдығы ашылды
(last modified Thu, 08 Jun 2023 11:11:31 GMT )
Маусым 08, 2023 17:11 Asia/Almaty
  • Джиддада Иран бас консулдығы ашылды

Сәрсенбі күні Сауд Арабиясының Джидда қаласында ИИР-дың бас консулдығы ашылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джидда қаласында ИИР-дың бас консулдығын ашу рәсімінде әнұран шырқалып, ту көтерілді. Рәсімге Иран мен Сауд Арабиясының мемлекеттік қайраткерлері қатысты.  

Сонымен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымында Иранның тұрақты өкілдігінің кеңсесі ашылды.  

Иран мен Сауд Арабиясының саяси-дипломатиялық қатынасын қайта жандандыру мақсатында сейсенбі, 6 маусымда Эр-Риядта сегіз жылдық үзілістен кейін ИИР елшілігі ашылды.  

Тегтер