Астанада Катар әмірі Қазақстан Президентімен сұхбаттасты
(last modified Thu, 08 Jun 2023 12:21:43 GMT )
Маусым 08, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • Астанада Катар әмірі Қазақстан Президентімен сұхбаттасты

Катар әмірі шейх Тамим бен Хамд әл-Сани Орта Азияға сапары барысында сәрсенбі күні Қазақстан астанасы Астанада осы елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақордада өткен кездесуде Тоқаев Қатар мен Қазақстанның 30 жылдық дипломатиялық қатынасына тоқталып, барлық салада өзара әріптестік нығайтылатынына үміт білдіріп, Доханы Астананың Батыс Азиядағы маңызды одақтастарының бірі деп атады.  

Катар әмірі Қазақстан Президентімен үшінші рет кездесіп тұрғанын айтып, Астана-Доха ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынасының түрлі салалардағы мүмкіндіктердің арқасында кеңейе түсетініне үміт білдірді.

Осы кездесуде тараптар Катар мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту, аймақтық және халықаралық деңгейде екі елді қызықтыратын жаңа өзгерістер туралы сұхбаттасты.