Маусым 08, 2023 18:45 Asia/Almaty
  • Ульянов: Иран мен АҚХА-ның әріптестігінде ілгерілеушілік айқын сезіледі

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Ресейдің тұрақты өкілі Иран мен АҚХА арасында қауіпсіздік мәселелерін шешу саласында ілгерілеушілік айқын сезілетінін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михаил Ульянов сәрсенбі күні Венада АҚХА басқарма кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: "Біз Иран мен АҚХА арасында жарияланбаған уран бөлшектері туралы мәселенің шешілгеніне қуаныштымыз",-деді.

Ульянов атқарылған жұмыстарды сезілетін ілгерілеушілік деп атап: "Бұл мәселе тараптардың конструктивті әріптестікті қалайтынын көрсетті",-деді.

Ульянов Твиттердегі жеке парақшасында: "АҚХА басқарма кеңесі Иранмен NPT хаттамасын талқылау үдерісін аяқтады ",-деп хабарлады.

Айта кету керек, Иран мен АҚХА арасындағы қазіргі жағдайдың маңызды себептерінің бірі Рафаэль Гроссидың 2023 жылы наурызда Теһранға барып, Иранның жоғары лауазымды басшыларымен, соның ішінде Президентпен кездесуі болды.

Тегтер