Иран, Қытай мен Пәкістан лаңкестікке қарсы күрес туралы үшжақты отырыс өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i70252-Иран_Қытай_мен_Пәкістан_лаңкестікке_қарсы_күрес_туралы_үшжақты_отырыс_өткізді
Иран, Қытай мен Пәкістанның басшылары "Лаңкестікке қарсы күрес" атты отырыс өткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 08, 2023 19:01 Asia/Almaty
  • Иран, Қытай мен Пәкістан лаңкестікке қарсы күрес туралы үшжақты отырыс өткізді

Иран, Қытай мен Пәкістанның басшылары "Лаңкестікке қарсы күрес" атты отырыс өткізді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай СІМ өз мәлімдемесінде: "Қытай, Пәкістан мен Иран сәрсенбі күні Бейжіңде лаңкестікке қарсы күрес туралы алғашқы үшжақты отырыс өткізді",-деді.

Бұл мәлімдемеде: "Иран, Қытай мен Пәкістанның басшыларының отырысында аймақтағы қауіпсіздік жағдайы және лаңкестік қатері туралы егжей-тегжейлі сұхбаттасты",-делінген.

Сондай-ақ осындай үшжақты отырыстарды болашақта жүйелі түрде өткізуге келісті.

Осыдан бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында өткен "Орталық Азия және Қытай" атты отырыста Ауғанстан тақырыбына тоқталып: "Аймақ елдерінің қауіпсіздігіне төнген қатерлердің бірі – Ауғанстанның қазіргі жағдайы",-деді.