Трамп: Сотталсам да, сайлаудан бас тартпаймын
Маусым 11, 2023 19:45 Asia/Almaty
АҚШ-тың бұрынғы Президенті өзіне қатысты екі ірі істе кінәсіз екенін қайталап: "Сот тарапынан айыпталсам да, президенттік сайлау додасына қатысамын",-деді.
Трамп өзінің жеке ұшағында "Политика" басылымына берген сұхбатында: "Егер тіпті сот оны осы істерде кінәлі деп тапса да, 2024 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға қатысудан бас тартпаймын",-деді.
Заң бойынша Трамп түрмеде отырса да, сотталған адам ретінде АҚШ президенттік сайлауына қатыса алады.
Екі қылмыстық іс барысында Трампқа 71 айып тағылған. Кінәлі деп табылған жағдайда ол 39 жылға сотталады.
Тегтер